jasqazaq.kz

Қалдыбек Құрманәлі: Біздегі композитормын деген пәленбай адам түрмеге қамалады!

01 сәуiр 2024, 14:53

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында отандық әнші-композиторлар ән ұрлауды модаға айналдырғанын айтты.

«Ән ұрлау қазір модаға айналып кетті. От болып лаулап барады. Қазір ұятты қойды. Алыс-жақын шетелден ұрлады. Сөзін ауыстырып айтты. Тойларда ақша тауып, кейін ұсталып қалатын болғаннан кейін мойындап шетелдің әншісінен кешіріп сұрап, бірге айтайықты деп жүр. Ән ұрлайтындар өздерін ақтайтын сөз тауып алған “айналдырған жеті нота ғой, содан ұқсап кетеді” деген. Айналайын-ау, жарты жол ұқсап кетсе де ұрланған болады», — деді композитор.

Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, шетелдіктер қазақ әншілерінің ән ұрлағанын білсе, шетінен соттар еді.

«Шетелдік композиторлар Қазақстанда өздерінің кейбір шығармаларының айтылып жүргенін білмейді-ау. Егер олар бізде әндері жұлым-жұлым болып орындалып жүргенін білсе, Қазақстан композитормын деген пәленбай адам түрмеге қамалары сөзсіз. Бүркіт пен Айша шетелдің әнін рұқсатсыз орындаған, қазақша мәтін жазып алып. Авторы даулаған, содан бұлар барып татуласыпты», — деді композитор.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі