jasqazaq.kz

Қаланы көгалдандыру ісі жоспарға сай атқарылып жатыр

21 маусым 2023, 22:02

Шымкент қаласында 34 канал бар, оның жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайды. Бұл каналдардың құрылыс жұмыстарын бір жылда аяқтау мүмкін емес. Сондықтан біз 5 жылдық жоспар бекітіп отырмыз. 2023-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен каналдар бетондалып, құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда екі канал пайдалануға беріліп, су беру көлемі 2,5 текше метрге ұлғайды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Жайлы ортаны дамыту жіне табиғат басқармасына парктер мен скверлер тұрғындарға мейлінше қолайлы болуы керектігін тапсырған болатын. Мұнда кіші сәулеттік пішіндер қойылып, жасыл желек қорын сауықтыру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде атқарылу керектігін тапсырды.

Құрылыс қарқын алып жатқан жаңа шағын аудандарда саябақтар мен аллеялар құрылысын жүргізу, жасыл желек қорын қалыптастыру керек. Шаһар басшысы осы салаға жауап беретін негізгі мекеме – қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы урбанистика саласы мен жергілікті ғалымдарды кеңінен тарта отырып, қаланы абаттандырудың салалық стратегиясын жасауы керек деді.

Шымкентте абаттандыру стратегиясында қаланың жасыл желек қорының бүгінгі ахуалы толық зерделеніп, барлық аумақтарды теңдей көгалдандырудың кешені қалыптастырылмақ. Оның ішінде жаңадан салынған шағын аудандарда саябақтар мен скверлер, аллеялар салу, тұрғын үй аулаларында тал егу, көгалдарға суару жүйесін орнату, жасыл желекті күтіп-ұстау міндеттемелерін бөлу сынды мәселелер қамтылатын болады. Қаланың жасыл желек қорына жүйелі қамқорлықты қалыптастыратын бұл құжат, көгалдандыру жұмыстарын жүргізудің жаңа тұжырымдамасын бекітіп, қала көшелеріне ыстық ауа райына бейім келетін көпжылдық гүлдер тұқымын отырғызу, мазарат аймақтарын күтіп-ұстау талаптарын қамтитын болады.

Қаланы абаттандыру талаптары қалалық мәслихат шешімімен бекітілген Ережеде қамтылған талаптардың орындалуын күнделікті бақылауы аудан әкімдеріне жүктелген. Айналаның тазалығына жауапкершілікті арттыру жөнінде коммерциялық нысан иелері және мердігер ұйымдар арасында нақты жауапкершілік міндеттемелерін бөліп, бекітіп берілген. Бүгінде мердігер ұйымдарда мониторинг және бақылау құрылымдары ашылып, атқарылған жұмыстарға бақылау жүйесі күшейтілген. Бұл өз кезегінде қаланы абаттандыру және санитарлық тазалығын сақтау саласындағы жұмыстарды жүйелендіруге ықпал етеді.Тұрғындар арасында тазалыққа жанашырлық танымын қалыптастыру үшін кешенді ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізу де жоспарға сай атқарылуда. Қаладағы абаттандыру жұмыстарының тиімділігін арттыру, жасыл желектің өнімділігін бақылау мақсатында осы саладағы жұмыстарды автоматтандыру мәселесі де қолға алынған. Бұл бағытта саябақтар мен аллеяларға бейнебақылау камералары қойылып, бірыңғай ақпараттық дерекқор түзілмек және оған тиісті салалық басқармалар мен аудан әкімдіктері қосылмақ.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции