jasqazaq.kz

Қала әкімі «Зерделіні» жеке бақылауына алмақ

09 маусым 2023, 18:06

Ерболат Досаев қаладағы нысандарды аралау барысында Зерделі шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барлығын шілде айының соңына дейін аяқтауды міндеттеді.
«Зерделі» ықшам ауданында 2016 жылы 30 үй қисайып, тұрғындардың өміріне қауіп төнген еді. Бұған топырақ құрамының өзгеруі және құрылыс технологиясының бұзылуы себеп болған. Үйдің іргетасын нығайту жұмыстары 7 жылға созылды. Алматы әкімінің тікелей араласуының арқасында былтыр жұмыс жанданды. Қазір жұмыс аяқталуға жақын.
Ерболат Досаев жауапты компанияға үйлерді нығайту жұмыстарын 2 ай ішінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Алматы әкімі шағын аудандағы жерді абаттандыруды жеке бақылауына алатынын да ескертті. Бұрын бұл жерде құрылыс толық бітпей аяқсыз қалған 2 тоғыз қабатты үй тұрған еді. Құрылыс мәселесін шешу үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ 2022 жылы техникалық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, құрылыс аяқтауға жарамсыз деп танылып, бұзуға шешім шығарылды.
Құрылысты аяқсыз қалдырған «Daniya constraction» компаниясы сот шешімімен лицензиясынан айырылды. Енді әкімдіктің қолдауымен бұзылған үйлердің орнына саябақ, футбол, волейбол алаңдары мен воркаут салынады. Бұдан бөлек «Зерделі» шағын ауданында дене шынықтыру кешені, 380 балаға арналған жатақханасы бар 720 орындық кәсіби техникалық мектеп пен 550 орындық жалпы білім беру мектебі және саябақ пайда болады.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық