jasqazaq.kz

“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?

13 желтоқсан 2024, 14:31

Әнші Сырым Исабаев өнерге ақша табу үшін келмеген. Бұл туралы ол “Мың бір түн” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Jas Qazaq.

Әншілігімен қатар актерлігімен де танымал болған Сырым Исабаев қазір жеке бизнеспен айналысады. Сахнадағы өнерін тоқтатуға да сол себеп болыпты.
“ Сырым Исабаевтың негізгі мамандығы бухгалтер есеп және аудит болатын. Қосымша вокалдық сабақ алып, осы өнер жолына қалай келгенімді түсінбей қалдым. Бұл да менің арманым болды. Ал даусымның бар екенін мектептегі мұғалімдеріміз сездіртті. Солайша өнерге деген қадам 2005 жылы басталды. Сонымен өнерім шыңдалды. Солайша халыққа біртіндеп сатылып, өнерімді көрсетіп, жақсы деңгейге шығып, қолдан келгенше талғаммен ән таңдап, жақсы әндер сыйладым деп ойлаймын.”- деді Сырым Исабаев.
Онымен қоса, Қайратпен де өнер жолының табысты болғанын да жеткізіп, алғашқы кездесулерін еске алды.

“Қайраттың екі әні, менің екі әнім бар еді. Солай Шымкент қаласындағы “Оңтүстік жұлдыздары” бағдарламасында екеуміз жарыстың соңында әнді дуэт болып орындадық. Жарыста алдыңғы қатарға қол жеткіздік. Кейіннен жұптасып, екеуміз халықтың көңілінен шыға білдік. Үш жыл бойы барлық Қазақстанның ауылын аралап, Қытай мен Моңғолияға сынды шетелдерге барып өнерімізді түгел көрсетіп болдық. Өзімді жеке де көрсетейін деп “Алып қашу операциясы” деген фильмді түсірдім. Одан кейін “Алдадың”, “Мұң” деген әндерді жаздым. Осы әндерім шығып жатса да, мамандығымды тастамайын дедім. 4 жыл бойы сол мамандықта оқыдым. Жаман оқығаным жоқ. Кезінде әншілікпен қоса жеке бизнес туралы да армандайтын едім. Енді сол кәсібімді 70-80 пайызға жүзеге асырдым. Халыққа өнеріңді беру үшін мына нарық заманында қаражатың да түгел болу керек”- деп ойын түйіндеді әнші.

Сырым Исабаев он жылдан бері сахнадан көрінбей, тек кәсіппен айналысып келеді. Ол дегеніңіз халыққа қызмет көрсету, демалыс аясындағы жұмыс екен. Сондай-ақ халыққа жүрекжарды жырын жеткізу үшін ақшаға мұқтаж болмай, қалталы болу керектігін де айтып қалды. Сонда ғана өнер, әннің мәтіні мен мағынасы да сапалы болмақ.

Олжас Әбдіхалық

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде