jasqazaq.kz

Қайрат Нұртастың анасы сағат санап, ұлын күтіп жүр

10 шiлде 2024, 14:52

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы Гулзира Айдарбекова әлеуметтік желіде ұлын күтіп жүргені туралы жазба қалдырды.

Әшейінде күндер зулап өтіп бара жатыр деп ренжуші едім, кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой ештеңе етпес, сіздерде жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді, ия, ия бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айрылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Ия тәуба, ең бастысы балам аман! Ер азамат қой, тағдырына көнеді, шыдайды,өзі әндеріне қосып айтқандай Шыда жүрек! Тілеуін тілеп отырған барша аналарға айтарым: Ой Алла-ай сіздерге жазып отырып көзімнің жасынан бұлдырап көрінбей кеткен қателерімді сан түзедім ау. Жүрегіме Алланы салып, бір Аллаға тапсырдым ұлымды, десемде жүрек шіркін беріліп кете береді екен ғой, ана жүрек деп бекер айтпаса керек. Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!, — деді Г.Айдарбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Сурет: .instagram.com/gulziraaidarbekova

JQ-Aqparat

 

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі