jasqazaq.kz

Қайғыны бөліссе, азаяды

29 қазан 2023, 16:45

Туған қалам — Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға туралы естіп, бүкіл қазақстандықтармен бірге қабырғам қайысуда. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді қазақ. Қаза тапқан кеншілердің отбастарына ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері атынан, жеке өз атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақпыз дегім келеді.

Қиындығы мол, қауіп-қатерге толы шахтер еңбегінің бағасын өз басым жақсы білемін. Өйткені сол Костенко атындағы шахтада бес жыл бойы проходчик болып еңбек еттім. Осы жағдайды жүрегіме жақын қабылдағаным да сондықтан шығар.

Оқиға орнына Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев барып халықпен кездесті, щұғыл шешімдер қабылдауға нұсқаулар берді. Сондай-ақ, Президент ешкімнің мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайтынын нықтап айтты.  «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық тоқтатылатын болды. Енді қарапайым халықтың жағдайын жасайтын жаңа инвестор келеді деп үміттенейік.

Бүгін Қазақстанда қаралы күн, 29 қазан – Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.  «Қайғыны бөліссе азаяды» дейді халық даналығы, ендеше жұдырықтай жұмылып, елдігімізді танытсақ  бұл қиындықты да еңсеретініміз анық.

Мұхтар Алтынбаев,               

«ҚР Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы,

 армия генералы, Халық Қаһарманы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі