jasqazaq.kz

«Қай бетімен мынаны үй деп беріп отыр»: Атырауда баспанаға мұқтаж анаға пәтер ұсынған әкімдік сынға қалды (Видео)

22 қараша 2024, 13:56

Үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі балалары бар анаға Атырау қаласының әкімдігі әбден тозығы жеткен үйді уақытша паналауға ұсынған. Пәтердің видеосын көрген желі қолданушылары наразылық білдірді, деп жазды Nur.kz.

Бейнежазба атыраулық белсенді Рүстем Баязиевтің парақшасында жарияланды. Оның айтуынша, Атырау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі ерекше балалары бар анаға уақытша пәтер берген. Бірақ пәтердің жағдайы ешқандай талапқа сай емес: пәтердің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткені, ескі екені байқалады.
Видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Желі қолданушылары әкімдіктің бұл ісін сынға алды. «Қай бетімен мынаны үй деп беріп отыр? Өздері осындай үйде тұрар ма еді?», «Өздерің балалармен тұрып қараңдаршы бұл үйде», «КСРО кезінен жөндеу көрмеген үй», «Берген адамдардың өздерін тұрғызып қоятын бұл үйге», «Мынау мазақ қой», — деп пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары.
Бұл жағдайға қатысты Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдірді.
Әкімдік өкілінің сөзінше, бұл пәтер өтініш білдірген анаға уақытша тұруға ұсынылған, бірақ онда әлі ешкім тұрмайды. «Атырау қаласы Владимирский көшесі 99үй, 14 пәтер мекенжайында қазіргі уақытта ешкім тұрмайды. Бұл пәтер «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөліміне өтінішпен келген анаға уақытша тұру үшін ұсынылған болатын. Өтініш иесі, кезегі келмегендіктен және үй жалдауға қаражатының жетпейтінін айтып, уақытша тұратын орын іздеген. Ұсынылған мекенжайды визуалды түрде қарап шыққаннан кейін, өтініш иесі бұл пәтер бойынша өз шешімін қабылдайтын болады», — деп жауап берді әкімдік өкілі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рустем Баязиев (@rustembayaziev)

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді