jasqazaq.kz

Қ.Сатыбалдының ісі: сот отырысы процестік келісім мәселесі шешілген соң жалғасады

11 сәуiр 2024, 12:39

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты кезекті сот отырысы өтті.
Өткен жолғы сот отырысында сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы өтінішхат берген. Сот тараптарға осы мәселені шешуге уақыт белгілеген болатын.


Бүгін прокурор активтерді, оның ішінде шетелдегілерін қайтару рәсімі уақытты талап ететініне назар аударып, істі кейінге қалдыру және тараптарға аталған рәсімдерді орындау үшін мерзім беру туралы өтінішхатын білдірді.


Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сот отырысы процестік келісім жасау туралы мәселені шешу үшін ақылға қонымды мерзімге кейінге қалдырылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Жоғарғы соттың Телеграм-каналы

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі