jasqazaq.kz

KFF: Черчесов бас бапкерліктен кеткен жоқ

24 желтоқсан 2024, 17:44

Станислав Черчесов Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері орнында қалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Қазақстан футбол федерациясы оның кететіні туралы хабарды ресми түрде жоққа шығарды.
KFF мәлімдемесінде: «Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасынан бас бапкердің кететіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні Станислав Черчесов —  ұлттық команданың бас бапкері, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарты бар», — делінген.
Черчесовтың кететіні туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен жазып, орнына екі қазақстандық, екі еуропалық маманның кандидатурасы қарастырылып жатқанын айтқан болатын.
Егер оны бас бапкерліктен кетірсе, келісімшарт бойынша 1 млн еуро өтемақы төлейтін еді.
JQ-Aqparat
Сурет: sputnik.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі