jasqazaq.kz

Әкесі мен қызының биі желіні жарды (видео)

27 наурыз 2017, 16:40

Әкесі мен қызының биі түсірілген видео Қазнетті жаулап алды.  Бидің видеосы Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды. Роликтің 24 наурызда Алматыдағы үйлену тойларының бірінде түсірілгені белгілі болды.

Алматының 42 жастағы тұрғыны Ерлан бұл бидің ойламаған жерден болғанын айтады. «Ойламаған жерден биледік, биді алдын ала дайындаған жоқ. Қызым тек менің қимылдарымды қайталап тұрды», — дейді видеодағы ер адам. Отбасы мұрағатынан алынған сурет.

Ер адамның айтуынша, ол биге аса мән беріп, онымен айналысқан емес. Ал қызы осымен бірнеше жыл бойы бимен айналысады екен. Сондай-ақ, ол 18 жастағы Даяна есімді қызының түрлі роликтерді жиі түсіретінін айтты. «Мен бимен айналыспаймын және айналысқан да емеспін. Ал қызым 14 жасынан бері «Blockbuster Dance Academy»-да айналысып жатыр. Қызымызбен бұрыннан видео түсіреміз. Әзірше бізді көшеде танып жатқан жоқ. Ал шынайы өмірде мен бизнесменмін, видеобақылаумен айналысамын. Қызым 1-курс студенті, кәсіпқой биші», — дейді ол. Tengrinews.kz  хабарлағандай,  кейбір қолданушылар бұл биге тәнті болып, «супер әке» деп атап жатса, кейбіреулері «ата-анасынан ұялмай ма» деп пікір қалдырып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде