jasqazaq.kz

КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)

22 наурыз 2017, 14:52

КешYou тобы квартет болып қайта құрылып, алғашқы бейнебаяндарын жарыққа шығарғалы бері тыңдармандардың талқысына ұшырады. Көпшілік жаңа құрамды экс-солистермен салыстыруды доғарар емес. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елдің сынына қарамастан топ продюсері Баян Есентаева жаңа құрамды үздік санайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, су жаңа бейнебаянды небәрі бір күнде 200 мыңнан аса тыңдарманның тамашалағанын айтып мақтанды. Продюсердің айтуынша, бұған дейін фанаттардың қызығушылығы мұндай жоғары деңгейде болған емес.

Ал тыңдармандар КешYou тобының жаңа әнінің шетелдік әнге қатты ұқсайтынын байқап қалды. Енді олар КешYou тобын Арианна Грандеден ән ұрлады деп айыптап жатыр. Ал шетелдік әнге қатты ұқсап кеткен қазақ әнінің авторы – жас сазгер Шоқан Уәлихан.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді