jasqazaq.kz

Кешенді шаралар Шымкент халқына азық-түлікті тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік беруде

27 мамыр 2023, 21:39

Күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 мың тоннаға форвардтық келісім-шарт түзіліп, тауарлар 2023-2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады.

Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 200-ге жуық сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі белгіленген бағада сатылып келеді. Бұл туралы қала Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл әлеуметтік сауда орындарының санын 300-ге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл бағытта қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен келісім-шарттар түзілген.

Бұл шаралар қала тұрғындарына ең қажетті тамақ өнімдерін тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік береді. Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру үшін шаруа қожалықтарымен баға өсімінің алдын алу бойынша форвардтық келісім-шарттар түзілді. Күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 мың тоннаға форвардтық келісім-шарт түзіліп, тауарлар 2023-2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады.

Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары апта сайын қаланың 8 нүктесінде ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде күнделікті тұтынатын тауарларды нарықтан 10-15% төмен бағада сатуда.

Тауар бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында құзырлы мекемелер арнайы комиссия құрып, жеткізу қызметімен айналыстын дистрибьюторлардың босату бағаларына электрондық шот-фактуралар арқылы тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді.

Бүгінде базарлар сауда желілерімен өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуде. Жалпы қала аумағында қазір азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, халық көп тұтынатын тауарлар тұрақты бақылауда.

Мерей Әлімбек

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті