jasqazaq.kz

Кешенді шаралар халыққа азық-түлікті тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік беруде

29 тамыз 2023, 15:30

Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 200-ге жуық сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі белгіленген бағада сатылып келеді. Биыл әлеуметтік сауда орындарының санын 300-ге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл бағытта қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен келісім-шарттар түзілген.

Бұл шаралар қала тұрғындарына ең қажетті тамақ өнімдерін тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік береді. Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру үшін шаруа қожалықтарымен баға өсімінің алдын алу бойынша форвардтық келісім-шарттар түзілді. Күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 мың тоннаға форвардтық келісім-шарт түзіліп, тауарлар 2023-2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады.

Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары апта сайын қаланың 8 нүктесінде ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде күнделікті тұтынатын тауарларды нарықтан 10-15% төмен бағада сатуда. Тауар бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында құзырлы мекемелер арнайы комиссия құрып, жеткізу қызметімен айналыстын дистрибьюторлардың босату бағаларына электрондық шот-фактуралар арқылы тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Бүгінде базарлар сауда желілерімен өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуде. Жалпы қала аумағында қазір азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, халық көп тұтынатын тауарлар тұрақты бақылауда.

Халықтың азық-түлік тауарларына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда. Алдағы уақытта осындағы «Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыратын боламыз. Бұл қала халқын таза, табиғи өніммен, азық-түлікпен қамтуға жол ашады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее