jasqazaq.kz

Кереку Наурызды сәуірде тойлағысы келеді

19 ақпан 2017, 20:28

Ағымдағы жылы солтүстік өңірдегі қыстың кеш қайтуына байланысты Наурыз мейрамы Павлодар өңірінде сәуір айында тойлануы мүмкін.

11400475

Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың халық алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

“Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Оны тиісті деңгейде атап өту бойынша мен былтыр жылдың аяғында зиялы қауым өкілдерімен кездескенде ұсыныс білдірген едім. 22 наурызда біздің өңірімізде қыстың беті қайтпайтын кезең. Сондықтан да  сәуір келген соң, осы айдың соңына қарай арнайы жер таңдап, ел болып атап өткен жөн деп білемін. Халқымыз «Сәуір болмай, тәуір болмайды» дейді. Бұл енді, ұсыныс ретінде жасалған дүние. Егер жалпы қоғам тарапынан қолдау тауып жатса, бұл жағдайды да реттейтін боламыз”, – деді Болат Бақауов.

Аймақ басшысы атап өткендей, өткен жылы облыстың мәдениет саласында көптеген істер атқарылды.

«Ұлы Дала Елі» жобасы жүзеге асып, ауқымды деңгейде аталып өтілді”, – деді облыс әкімі.

Желі қолданушылары әкімнің ұсынысын қызу талқыға салды. Олардың басым көпшілігі Наурыз мейрамын ауыстыруға қарсы шықты. Алайда, ұсынысқа оң қабақ танытқандар да бар

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде