jasqazaq.kz

«Кепілге алып, ақшалай сыйақы сұрады»: Бейнеуде 22 жастағы қыз ұсталды

15 сәуiр 2024, 11:27

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына су тасқыны аймағынан эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарын қонақ үйлердің бірінде қарулы адамдар кепілге алып, ақшалай сыйақы талап етуде деген қоңырау түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды polisia.kz.
Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде Бейнеу кентінде жалған қоңырау шалғаны үшін 22 жастағы қыз ұсталды. Сонымен қатар оның бұған дейін автобуста ұялы телефон ұрлағаны анықталды. Қолды болған гаджеттен ол қоңырау шалған, деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бөтен мүлікті ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі