
«МұзАрттың» мүшесі Кенжебек Жанәбілов жан жарына арнаған ерекше арнауын желідегі жеке парақшасына жүктеді.
reactor.inform.kz хабарлағандай, әнші «Жігіттер» тобының бұрынғы мүшесі Еркін Нұржановтың орындауындағы «Аягөз» әнін айтты. Еркін кезінде бұл әнді өзінің жары Аягөзге арнап шығарған еді. Кенжебек болса Аягөздің есімін өзінің жары Жәмиланың атына ауыстырыпты.
Желі қолданушылары әншінің жарына деген махаббатына сүйсініп, баянды бақыт тіледі.
https://www.instagram.com/p/BQsyjRfAr72/?taken-by=kenzhebekmuzart