jasqazaq.kz

Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цехы ашылды

29 шiлде 2025, 12:55

Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Тек жәрдемақыға қарап отырмай, еңбек етіп, қосымша нәпақа табуға жағдай жасалады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамда «мемлекет асырауға міндетті» деген патерналистік пиғылға тосқауыл болады. Түркістан облысында, бүкіл елдегідей, мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіп ашып, өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасалып келеді.
Мәселен, жуырда Кентау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында жаңа тігін цехы өз жұмысын бастады.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, цехтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов арнайы қатысты.
Игі істің бастамашысы – «Ақниет» мүгедектер мен зағип жандардың қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Дастан Орынбасаров. Ол «Қорған» мемлекеттік бірлестігінің грантын жеңіп алып, тігін цехына қажетті жабдықтарды сатып алған. Бүгінде цехта мүмкіндігі шектеулі сегіз қыз-келіншеу тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Цехта тек киімдер ғана емес, көрпе-жастық, қыз жасауы, перде сынды тұрмыстық бұйымдарға да тапсырыстар қабылданады. Осы цехтан шыққан өнімдерге жергілікті тұрғындардан сұраныс артып келеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті