jasqazaq.kz

Кентау жастары қоқыс тазалауда плоггингке жүгінеді

12 мамыр 2023, 15:27

Плоггинг терминін шведтің жаңашыл белсендісі Эрик Альстрем 2016 жылы ойлап тапқан. Бұл жүгіріп келе жатып, қоқыс жинау дегенді білдіреді. Қазір осы тәсілді әлемнің 50 елінде қолданады. Плоггингтің артықшылығы – ақыл үйретпей, үгіт-насихат жүргізбей-ақ барынша көп адамды қоқыс жинауға тартуға болады.

Міне, Кентаудың жаңашыл жастары да туған қаласын тазарту мақсатында плоггингке жүгіді. Жуырда Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Плоггинг» спорт шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Хантағы ауылының тау бөктерінде өткізілді. Жарысқа қала жастарынан жасақталған 5 команда сайысқа түсті.

Осындай тың бастамаға атсалысу үшін келген қала әкімі Жандос Тасов белсенді жастарды мерекелермен құттықтап, осындай маңызды шараны ұдайы өткізу қажеттігін атап өтті.
«Ел мәдениетінің дамуы ең адымен тазалалықтан бастау алатыны сөзсіз. Күн жылып, жердің нәрі кіре бастаған уақытта көпшілік табиғатқа шығып, демала бастайды. Мына тұрған жеріміз — қаламыздың ең көрікті бөлігі. Адамдар осы маңға көп келеді. Бірақ, тазалыққа мән бермей жатады. Көпшілікке ой салар бүгінгі шарамыз жалғасын тауып, өз нәтижесін береді деген сенімдемін», — деді ол.

Плоггинг спорт шарасында жастар тұрғындар демалатын аймақтардағы қоқысты тазартудан жарысты. Тазалық шарасын аяқтағаннан кейін, садақ ату және ләңгі тебу ойын түрлерінен сынға түсті. Ең белсенді, ең мықты деген топ жеңімпаз атанып, арнайы қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұған қоса, Кентау қаласы Қарнақ ауылында ауыл әкімі М.Диметов пен қалалық маслихат депутаты Б.Хабибовтың бастамасымен, ауыл белсенділерінің қолдауымен ауқымды тазалық шарасы өтті. Қарнақ ауыл тұрғындары «Ырмақ» өзені жағалауын тазарту, қоқыстарын жинау шарасы экоасар аясында ұйымдастырылды. Асарға 100-ден астам Қарнақ тұрғындары белсене қатысты. Олар осы аумақты жинаумен шектелген жоқ. Қоқыс тастауға болмайтыны туралы ескерту тақтайшаларын да орнатты.

Айдос Құсайынұлы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі