jasqazaq.kz

Кентау тұрғынын несиеге батырған алматылық ұсталды

22 маусым 2023, 9:53

Кентау қаласы тұрғынының атынан 2 миллион теңге несие рәсімдеген күдікті ұсталды. Түркістан облысы полиция департаменті хабарлағандай, кентаулық азаматтың құжаттарын алматылық тұрғын пайдаланыпты.
Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында белгісіз біреу құжаттарын пайдаланып, түрлі банктерден 2 млн теңгеге жуық несие рәсімдегенін көрсетеді. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды.

Кентаулық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы тұрғынын ұстады. Анықталғанындай, жәбірленуші күдіктінің «төмен пайызбен несие шығарып беремін» деген сөзіне сеніп, алдын ала құжаттарын берген. Ал, күдікті ер адам оның құжаттарын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген.

Күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі