jasqazaq.kz

Кентал волейболшы Сәбина Алтынбековадан қарызға ақша сұрады

29 сәуiр 2023, 12:38


Әнші Кентал волейболшы Сәбина Алтынбековадан 20 мың доллар қарыз сұрады. Кеше Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енген болатын. Кентал Instagram желісінде спортшының жазбасының астына пікір қалдырған.
«Таңертең ұйқыдан оянғанда, әлемнің ең бай жиырма волейболшысының тізіміне енгенімді көрдім. Басқалардың менің өмірім жайлы жорамалы мені таңғалдырады. Ал шынына келетін болсақ, мен жай ғана сүйікті ісіммен айналысып, содан табыс тауып жатырмын. Мен жұмыс істеп отырғанда, біреу менің ақшамды санап, оны желіге жариялауда. Мұндайды ұнатпасам да, таңертең ұйқыдан күліп ояндым», — деді қазақстандық волейболшы.
Желідегілер Алтынбекованың еңбекқорлығына таңғалды. Ал қазақстандық әнші Кентал «Дүйсенбіге дейін 20 мың доллар (9,1 миллион теңге) қарызға бере тұршы», — деп пікір қалдырды. Желідегілер әншінің әзілін лайықты бағалады. Естеріңізге сала кетейік, БАӘ-нің жаңа чемпионы, 26 жастағы қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енген. Ақпарат көзінің мәліметінше, Сабинаның байлығы 4,7 миллион долларға (қазіргі бағам бойынша 2,1 миллиард теңге) бағаланған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі