jasqazaq.kz

Кендірлі әуежайы құрылысы екі ауысымда жүзеге асырылуда

27 сәуiр 2025, 15:52

Кендірлі әуежайының құрылыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр.
«Мердігер мекеме жер жұмыстары мен қазаншұңқыр қазу жұмыстарын атқаруда. Құрылысқа 60 бірлік арнайы техника мен 80 маман жұмылдырылды. Кендірлі үлкен туристік әлеуетке ие. Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астанаға бес ішкі авиарейсті, сондай-ақ көрші мемлекеттерге бірқатар халықаралық авиарейстерді ашу мәселесін пысықтап жатырмыз»,- деп атап өтті Марат Қарабаев.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 2200 метрлік ұшу-қону жолағын салу көзделген. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды.
Сондай-ақ биыл Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл ішкі және халықаралық рейстер санын көбейтуге септігін тигізбек.

JQ-Aqparat

Сурет: көлік министрлігі 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі