jasqazaq.kz

Келл Брук: Головкинмен ақша үшін жұдырықтаспаймын

13 шiлде 2016, 12:52

photo_27479

Жартылай орта салмақта IBF сериясы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Келл Брук (36-0, 25 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жұдырықтасуға келісімін ақша үшін емес екендігін жариялады.

«Әрине, ақша деген жақсы, алайда мен қазірдің өзінде мультимиллионермін, сондықтан мен оны қалғанына қосамын. Бұл менің ең қомақты гонорарым, бірақ бұл тек ақша ғана және ол мені ешқашан өзгерте алмайды.
Мен бұл жерде нағыз мықтымен шығып, өз күшімді тексермекпін. Головкин — ғаламшардағы ең қауіпті қарсылас, сондай ақ адамдардың айтуынша ол pound-for-pound бойынша ең мықты боксшы. Мен осы жекпе-жекте шарықтау шегіне шығамын», — деді The Star сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ағылшын боксшысы салмақ айырмашылығы оған қиындық тудырмайтынын да айтты. Головкинмен болатын жекпе-жек 160 фунт деңгейінде болады, ал Брук бұрыннан 147 фунтта өнер көрсетіп жүрген.
Ертеректе Брук өзіне 160 фунтта жұдырықтасқан ыңғайлы әрі осы салмақта ол өзін жыртқыш сезінетінін айтқан. Ағылшын боксшысы 10 қыркүйекте әлемді таңғалдыратынын да жасырмады.

Олардың жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында өтеді.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде