jasqazaq.kz

Келестегі дихандардың ағын су мәселесі шешілді

05 сәуiр 2024, 14:15

СТК (Северный Ташкентский Канал) Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. СТК каналы Өзбекстан Республикасы теңгерімінде. Еліміздің аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтеді. Келес ауданының Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің жалпы 2922 гектар егіндік жерлерін сумен қамтиды.


Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін СТК каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі  хабарлағандай, жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды.

Өзбекстан Республикасының «Боз-су» ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған. Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. Шаруаларға су беріліп, мәселе шешілді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі