jasqazaq.kz

Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді

07 қараша 2016, 15:57

397281

ҚР Сыртқы істер министрлігінде келесі жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Екі елдің лауазымды тұлғаларының визасыз сапарлары Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси байланыстың одан әрі нығаюына және сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға септігін тигізеді.

«Бүгін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарымен бір уақытта, біз 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі елдің дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмастық. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының қазақстандық дипломатияның экономикалық бағытын нығайту туралы тапсырмасы бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Жапонияның ұлттық төлқұжаты бар азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімде визасыз режим орнатылады. Бұл екі елдің инвестициялар, жаңа технологиялар және туризм саласындағы бизнес құрылымдары арасындағы іскерлік байланыстың қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді», — деді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.+

Оның айтуынша, вербалды ноталармен алмасу Қазақстанның барлық азаматы үшін визасыз режимді жеңілдету жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Ясумаса Идзима бүгінгі оқиға екі елдің саясат, экономика салалары мен екі ел азаматтарының сапары аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

«Біз Қазақстанның барлық азаматы үшін визалық режимді одан әрі жеңілдетуге тырысамыз», — деді жапон дипломаты.

kaz.caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде