jasqazaq.kz

Келер қысқа дайынбыз ба?

27 маусым 2023, 11:12

Еліміз алдағы қыстағы жылыту маусымына дайын ба? Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу маусымына дайындық жұмыстарының қалай өтіп жатқанын баяндады.

«Алдағы жылыту кезеңінде қауіпті аймаққа енгізілген энергетикалық кәсіпорындарды анықтадық. Меншік иелері жөндеу жұмысын қаржыландырмауына байланысты әкімдік, «Өскемен жылу желілері» және «Риддер жылу электр орталығы» акционерлік қоғамының арасында станцияда жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар барлық 6 қазандықты жөндеп бастады. Сонымен қатар қажетті материалдар сатып алынады, құбыр өнімдері жылу электр орталығына әкелініп жатыр. Сондай-ақ жылу желілеріне жөндеу жүргізілуде. Екібастұз жылу электр орталығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта 7 қазандықта жұмыс жүріп жатыр. Коммуналдық меншікке қабылданған 5 су жылыту қазандығын жөндеуге Үкімет резервінен 7,4 млрд теңге бөлінді. Қалған 5 бу қазандығы, сондай-ақ қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар «Орта Азия электр энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының есебінен жөнделеді. Жезқазған жылу электр орталығында № 4 қазандықты жөндеуді жеделдету, сондай-ақ энергетикалық жабдықтың барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету қажет», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі