jasqazaq.kz

Кейкі батырдың басы Тасты ауылында жерленеді

07 қараша 2016, 12:58

20161107104614

1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батыр туған жері — Тасты ауылына жақын жерде жерленеді.

Сенатор Серік Ақылбайдың айтуынша, жақында өткен мемлекеттік комиссияның отырысында Кейкі батырдың жерлеуі мәселесі қаралды.«Сол жерде Кейкі батырдың сүйегін оның туған жері Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында жерлеу туралы шешім қабылданды. Сол жерде бос тұрған мазар бар. Оны батырдың туған-туыстары тұрғызған еді. Кейкі батырдың ел тарихында алатын орнын сондай-ақ, ол арқылы қазіргі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын ескере отырып, сол батырға сай ескерткіш жасап, Кейкі батырдың мемориалын тұрғызу ұйғарылды», — дейді С.Ақылбай. Айта кетейік, 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батыр Торғай даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатына, кейін «қызылдарға» қарсы соғысқан. Большевиктер оны ұстағаннан кейін айуандықпен өлтірген. Содан батырдың бас сүйегі ұзақ уақыт бойы Петербордағы музейде сақталып келді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде