jasqazaq.kz

Кегенде кәріз құдығынан үш адамның мәйіті табылды (Видео)

17 қыркүйек 2024, 11:43

Алматы облысы Кеген ауданында үш адамның өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай болды. Әлеуметтік желіде Кеген ауданында болған қайғылы жағдай туралы бейнежазба тарады. Куәгерлердің сөзінше, көшедегі құдыққа үш адам құлап көз жұмған.

Белгілі болғандай, қайтыс болған үш адамның екеуі — әкесі мен ұлы. Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат берген марқұмдардың туысы оқиғаны баяндап берді. Оның сөзінше, қайғылы жағдайға себеп болған ауылдағы су тапшылығы мәселесі.

«Кегенде сумен проблема бұрыннан бар. Су болмай қалған кезде тұрғындар құдықты өздері ашып, су алудың амалын жасайды. Бұл жолы да сол сумен проблема болып, құдықты ашқан көрінеді. Бірақ олардың қалай түсіп кеткенін ешкім білмейді. Кеш батып, жақындары іздей бастаған кезде, құдықтың ашық тұрғанын көрген. Оларды тапқан кезде құдықтың іші суға толып, аяқ киімдері қалқып жүрген», — дейді Мақпал Шадан есімді ауыл тұрғыны.

Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі