jasqazaq.kz

Кеден бекетінде «тоналған» ана: Қытайда қылмыскер атанбап едім… (видео)

11 наурыз 2017, 11:58

Ата жұртын аңсап келіп, шекарада 50 мың доллар ақшасынан айырылып, «контрабандашы» атанған жалғызбасты әйелдің мәселесі 1 аптадан кейін шешілмек. Гүлжан Мәуітханға қатысты сот ісі 17 наурызда өтеді екен. Бүгін осы хабарды естіп көңілі құлазыған жалғызілікті ананың айтар базынасын тілші тыңдап қайтқан еді.

Астанаға келгелі түйіншектерім жиналмады деп осылай мұңын айтқан Гүлжан Мәуітхан, 2-3 күннен кейін тағы да жолға шығамын дейді. Бас қалаға келіп әділдік іздеп жүрген жалғызбасты анаға бүгін «сотқа келіңіз» деген хабар жетіпті.

ГҮЛЖАН МӘУІТХАН, Оралман:

— «17 күні сотқа шақырып жатыр» дегенде таңертеңнен бері жыладым. «55 жыл өмір өткізгенде, Қытай мемлекетінде жүргенде қылмысты атанбап едім, елім-жұртым деп келгенде қылмысты атанып, сотқа тартылатын болып отырмын» деп бағанадан бері балама да шырылдап жыладым.

«Балама ұрыспағанда қайтем, жан-айқайымды еститін басқа құлақ болмаса» дейді. «Нұр Отаннан» бастап, құзырлы органның бірқатарына арызданып шығыпты. 10 күндей уақыт өтсе де, әлі жағымды жаңалық естімеген. Есесіне, шекарада ұсталған бейнежазбалары мен ақпараттары Қытайдағы әлеуметтік желілерде таралып кетіпті. Оны оқыған арғы беттегі қазақтар жүрексініп отыр екен.

ГҮЛСАРА ДӘУЕНҚАН, Г.Мәуітханның келіні:

— Ар жақтағы бүкіл ел-жұрт болсын, бәрі «Бұл қалай болады соңы? Қазақстанға барып жатқан елді шекарада тонап жатыр дегеннің бәрі шындық па?» деп осының бәрі үлкен аңыс тудырып отыр. Ол жақтағы ел дүрлігіп жатыр.

Кеденшілер ақшаны тәркілеу шарасы мемлекеттік тілде өтті деген болатын. Алайда, қазақша дегеннің өзінде Қытайдағы қандастар үшін түсініксіз сөздер көп екен.

ГҮЛЖАН МӘУІТХАН, Оралман:

— Түсінбейтін сөздеріміз көп. Декларация дейді, біз ондай нәрсені түсінбейміз. Одан кейін «штраф» дегенді. «Пал» дейді бізде. «Пал ақы» дейді «штраф» дегенді.

Айыппұл демекші, Гүлжан Мәуітхан қажет болса айыппұлымды төлеуге дайынмын дейді. Тек, Астанадан пәтер алуға арнаған бар жинағынан айырмаса болғаны деп отыр. Заңды деп өзіне қайтарған 10 мың долларды жолақысы мен пәтерақсысына төлеп, қалғанын адвокатқа дайындап қойған. Ендігісі 17 наурыздағы соттың шешіміне байланысты болмақ.

— Әділ заң болмаса, қайда болса да, әлемге болса да жариялап, осы ақшам үшін жанымды пида қылайын деп отырмын.

 

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде