
АҚШ-та 5 жасар қыз өзінің өліміне бірнеше сағат қалғанда тұрмысқа шыққан. Тұрмысқа шығу науқас қыздың арманы болған, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі сайтына сілтеме жасап.
Бес жасар Мэри Мессей созылмалы өкпе қабынуы (пневмония) мен муковисцидозбен ауырған. Өлім аузында жатқан қыз тұрмысқа шығуды армандаған екен. Содан науқас қыздың ата-анасы оның осы тілегін орындамақ болып, өліміне бірнеше сағат қалғанда ақ көйлек пен тәж алып берген. Ал қыздың сүйіктісі – оның досы, 6 жасар Демиен есімді ұл бала болды.

Mary Massey — Five-year-old girl suffering from cystic fibrosis is granted her dying wish to ‘marry’ her best friend in heartbreaking wedding ceremony just hours before she passed
Үйлену салтанаты ауруханада өткен. Қыздың сүйіктісі Демиен 5 жасар Мэри Мессейге ұсыныс жасау үшін сонда келген. Салтанатты шарадан кейін олар ата-аналарымен бірге осы мерекені атап өтті. WFAA телеарнасының хабарлауынша, үйлену тойынан кейін Мэри алты сағат өмір сүрген. Ал келесі күні таңертең қыз қайтыс болған.