jasqazaq.kz

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Куала-Лумпурдан Алматыға алғашқы тікелей рейс ашылғаны туралы хабарлайды

12 наурыз 2024, 17:12

15 наурызда Алматыда Малайзиядан Қазақстанға алғашқы тікелей әуе рейстерінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтеді. Тікелей рейстерді малайзиялық AirAsia әуе компаниясы іске асыратын болады. Алғашқы рейс Куала-Лумпур – Алматы бағытын қамтымақ.
AirAsia әуе компаниясының Орталық Азия нарығына шығуы, әсіресе, Қазақстан мен Малайзия арасында жаңа рейстердің ашылуы елдер арасындағы туристік ағынды көбейтуге әсер етеді. Малайзиялық лоукостер үшін Қазақстан – Орта Азия елдерінің арасындағы алғашқы бағыт. Сондықтан, бұл еліміздің туризмін дамытудағы маңызды әрі тарихи қадамдардың бірі.
Іс-шараға қатысушылар:
• Датук Камарудин бин Меранун, AirAsia тең құрылтайшысы, Capital A компаниялар тобының атқарушы төрағасы
• Беньямин Исмаил, AirAsia X бас директоры
• Жоғары мәртебелі Мохда Адли Бин Абдулла, Малайзияның Қазақстандағы елшісі
• Қайрат Сәдуақасов, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы
Жоғары лауазымды тұлғалардан өз сұрақтарыңызға тікелей жауап алып, кофе-брейкте жүрек жалғап, шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу мүмкіндігін таба аласыз.

Сіздерді төмендегі мекен-жай бойынша күтеміз:
Күні 15 наурыз 2024 жыл
Уақыты 10:30, қонақтардың жиналуы
Өтетін орны Алматы қ., Rixos Almaty, Сейфуллин даңғылы 506/99.

*AirAsia — 25 елдегi 400-ден аса бағытқа рейс орындайтын малайзиялық әуе компаниясы. Оған қоса, Азиядағы ең үлкен лоукостер болып саналады. Skytrax 2007, 2009, 2010, 2011 және 2016 жылдары Air Asia-ны әлемдегі ең үздік лоукостер деп таңдаған болатын. Өз жұмысын компания 1996 жылдан бастады.

Тіркелу үшін:
Назерке Нұрлан, Kazakh Tourism PR-менеджері
Тел.: + 7 701 800 08 36
e-mail: nnkazbekkyzy@gmail.com

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі