jasqazaq.kz

KATEV: Біздің Фетуллах Гүленге қатысымыз жоқ

27 шiлде 2016, 18:38

F1C31D6E-4952-464D-BCD4-8093FA1AC518_cx0_cy13_cw0_w987_r1_s_r1

Қазақстандағы бірнеше орта және жоғары оқу орнына демеушілік әрі басшылық етіп отырған KATEV халықаралық қоғамдық қоры Түркия билігі айыптайтын діни жетекші Фетуллах Гүленге қатысы жоғын мәлімдеді.

Бұл туралы елдегі 29 қазақ-түрік лицейі, «Нұр Орда» жеке меншік қазақ-түрік мектебі мен екі колледж, Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетке демеушілік әрі басшылық етіп отырған KATEV қорының тәрбие ісі жөніндегі вице-президенті Нұрбол Төлебаев Азаттыққа берген сұқбатында айтқан.

Фетуллах Гүленмен ешқандай, қаржылық та байланысымыз жоқ. Бірақ интернет арқылы Фетхулла Гүленді бәрі біледі ғой. Философ ретінде, осы дүниежүзінде ашылып жатқан мектептердің кезінде бір жақсы пікірлері болған шығар. Бірақ Қазақстандағы мектептер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның бұрынғы президенті Тұрғұт Өзалдың келісім-шарты бойынша ашылған мектептер. Мұны Фетхулла Гүлен немесе Сүлеймен Демирел, немесе Режеп Ердоған келіп ашқан жоқ. Гүленнің кітаптары мен ілімдерін де оқытпаймыз, — дейді Нұрбол Төлебаев.

Түркияда болмай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Анкара АҚШ-та тұратын теолог Фетхулла Гүленді айыптаған. Көп ұзамай Түркия билігі Орталық Азия елдері биліктерінен «гүленшіл» дейтін оқу орындарына деген «көзқарасын өзгеруді талап етіп», «гүленшілердің төңкеріс жасау пиғылы барын» ескерткені туралы мәлімдей бастаған. Соңғы жылдары кей елдерде түрік оқу орындары жабыла бастаған.

Анкараның Фетуллах Гүленге қатысты талабын Қырғызстан сыртқы істер министрлігі «мемлекеттіміздің ішкі ісіне араласу» деп білетінін мәлімдеген.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде