jasqazaq.kz

Каспий маңы бассейніндегі сегіз барланған учаске мемлекетке қайтарылды

03 желтоқсан 2024, 12:01

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін Каспий маңы бассейні шегіндегі барлау учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерді. Қабылданып жатқан шаралар туралы энергетика вице-министрі Еран Ақкенженов баяндады.

«2023-2024 жылдары Каспий маңы бассейнінде осындай сегіз учаске анықталды. Аталған сегіз келісімшарт бүгінде тоқтатылды. Осы жылы төрт учаске аукционға қойылды, олар бойынша жыл соңына дейін қол қою жоспарлануда. Қалған төрт учаске келесі жылы шығарылады немесе олар бойынша келісімшарттарға тікелей қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Ерлан Ақкенженов.
Энергетика министрлігіне аталған жұмысты жеделдету тапсырылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі