jasqazaq.kz

«Каспий» футбол клубында 4 адам жұмысқа келмей, жалақы алып отырған

07 ақпан 2024, 16:08

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

inform.kz хабарлағандай, басқарманың экс-басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталды.

Оған жаза ретінде 2 917 000 теңге қаржыны мемлекетке төлеу міндеттелді.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот алқасы басқармада жұмыс істеген тағы бір лауазым иесіне 2 333 600 теңге көлемінде айыппұл салып, өмір бойына басшылық қызмет атқару құқығынан айырған.

«Лауазымды тұлға басшылық қызметте жұмыс істеп жүргенде „Каспий“ футбол клубына 4 адамды жұмысқа алған. Алайда менеджер, комендант, инспектор секілді қызмет атқаруы тиіс адамдар жұмысқа келмей, айлық еңбекақысын заңсыз алып отырған. Соның алдарынан мемлекетке 2 090 189 теңге залал келді», — деп жазылған облыстық соттың хабарламасында.

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі