jasqazaq.kz

Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 47 шенеунік жауапқа тартылды

04 сәуiр 2023, 15:58

Әкімдік қызметкерлері жер заңнамасының нормаларын қате түсіндіреді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті.

«Қазір барлық өңірлерде әкімдіктер жерді жалға алу мерзімін ұзарту мәселелерін жер комиссиясының қарауына шығарды. Бірақ бұл талап заңмен қарастырылмаған. Шын мәнінде, бұл процедура бизнес үшін жасанды кедергі. Мұнда әкімдік қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың нормаларын қате түсіндіреді. Сондықтан агенттік Жер ресурстарын басқару комитетінен Жер кодексінің ережелерін ресми түсіндіруді сұрады. Бұл түсініктемені біз барлық әкімдіктерге жолдап, мәселені толығымен шештік», — деді превенция қызметінің басшысы.
Оның айтуынша, «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтірген 47 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Сондай-ақ «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде білім басқармасының қызметкерлері мектеп асханасын ұстайтын кәсіпкерлерге «Kundelik» порталына фото-мәзірді ақылы негізде орналастыруды ұсынған фактілер анықталған. 400-ден астам мектепке қызмет көрсететін 117 кәсіпкер Kundelik-ке шамамен 9 млн теңге төлеген.

«Біздің бастамамыз бойынша тамақтану қызметтерін жеткізушілердің, оқу-ағарту министрлігінің, елорда әкімдігінің және «Kundelik» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырылды. Мәзірді тегін орналастыру туралы шешім қабылданды. Осы кеңестен кейін оқу-ағарту министрлігі барлық әкімдіктерге ақы алуға жол бермеу туралы хат жолдады», — деді Саян Ахметжанов.
«Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598» бұйрығына сәйкес, мәзірдің фотосуреті мектептің интернет-ресурсында тегін жариялануы тиіс.

JQ-Aqparat

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта