jasqazaq.kz

Кәсіпкерлік: заңнамадан 10 мың керексіз талап алынып тасталады

19 сәуiр 2023, 11:10

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазір кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатқанын атап өтті. Қаңтар айынан бастап міндетті талаптар реестрі ашық түрде жарияланды.
«Бұдан былай реестрде жоқ талаптар бойынша тексерулер жүргізілмейді. Биыл заңнамадан бизнес үшін 10 мың керексіз талап алынып тасталады. Бұл тексерулердің санын едәуір қысқартады. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру толығымен аяқталады», — деді Премьер-Министр.
Биыл шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау шаралары кеңейтілді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі (жеңілдетілген несиелер және қаржылық лизинг) 116-ға ұлғайды. Бірқатар басым қызметтер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.
Бизнестің жол картасын қаржыландыру көлемі 224 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында биыл 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау, 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру көзделіп отыр. Орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданады.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура