jasqazaq.kz

Кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 77 гектар жер қайтарылды

07 тамыз 2023, 11:54

Шымкентте кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 77 гектаржер мемлекетке қайтарылды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідгегі өзінің парақшасында жария етті.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жалғастырып жатыр. Жуырда тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд. теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің меншігіне қайтарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі