jasqazaq.kz

Картоп қашан «премиум» болуын қояды?

13 мамыр 2025, 13:48

Көктемде жиналған жеміс-көкөністің қымбатырақ сатылатыны түсінікті. Бірақ биылғы баға ерекше «құтырып» тұр. Әсіресе, жас картоптың бағасы алыстан жеткізілетін экзотикалық жемістен асып түседі. Тіпті әлеуметтік бағамен сатылатын ірі сауда орындарында да жағдай мәз емес.

Бұрын пияз, сәбіз, картоп сияқты негізгі тұтынатын көкөніс апта сайын арзандап, жазға қарай қалпына келетін. Биыл жағдай басқа. Базардағы сатушының өзі «сәбіздің бір талы 300 теңгеден сатылып жатыр» деп басын шайқайды. Дәл осы мамыр айында қаптайтын құлпынай туралы тіпті сөз қозғамай-ақ қойдық.

Сөйтсек, жас картоп «премиум» өнімге жатады екен. Мұны бүгін журналистердің сауалына жауап берген ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың аузынан естідік.

— Жас картоп, — дейді вице-министр, — бізде пленканың астында өседі, ал бұл қосымша шығын. Картоп негізінен Түркістан облысында өсіріледі, ал ерте өнім көп шығынды қажет етеді.
Оның айтуынша, нарықтағы сұраныс та бағаға әсерін тигізеді.

«Жас картоптың қабығы жұқа, тартымды көрінеді, сондықтан да оған сұраныс жоғары», — деп түсіндірді ол.
Мұндай картоп «премиум» өнім болғандықтан, оның дүкендегі бағасын ауыл шаруашылығы министрлігі қадағалай алмайтын көрінеді.

Шындығын айтқанда, ауыл шаруашылығы саласындағы шенеуніктің сөзі таң қалдырмай қоймайды. Тағы да қайталап айтамыз, биылғы жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімдері ерте көктемде қымбатқа сатылғанымен, апта сайын арзандайтын. Әлде ол кезде картоп пленканың астында өспеді ме? Сұраныс да сылтау бола алмайды. Биыл бағамен жағаласып тұтынушының тәбеті өспеген шығар?

Көкөніспен айналысатын шаруалар да өнімін дәл сондай бағамен сатпайтыны белгілі. Өнімнің бір қолдан екінші қолға өтіп, қаладағы тұтынушыға, дүкен сөресіне жеткенге дейін бағасы көтеріле беретінін жұрт біледі. Бірақ оларға тосқауыл қоятын ешкім жоқ. Өйткені делдалдар армиясымен күрескенше, «сұраныс, премиум» деп қырық сылтау айтып құтылған оңай.

Наргүл Мырзахмет

Фото : Freepik/wirestock

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде