jasqazaq.kz

Картоп, қарақұмық, күнбағыс майының бағасы төмендеп жатыр

24 сәуiр 2023, 12:25

2023 жылғы 20 сәуірде жарияланған Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, өткен аптада қарақұмық жармасы, күнбағыс майы (0,6%,) картоп (0,5%), қант және тауық еті – (0,2%), сәбіз және ұн (0,1%) бағалары төмендеді. Түтік кеспе мен тұздың бағасы тұрақты.

Өнімнің екі түрі — қант пен қарақұмық бағасының алты аптадан бері төмендегені байқалды. Ал соңғы 4 аптада қант, қарақұмық, күнбағыс майының бағасы тұрақты түрде төмендеп жатыр.

Бір аптадағы бағаның тұрақтылығы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуінің орташа индексі 0,1 пайызды құрады. Оның ішінде ең жоғары өсім мына өнімдерге тиесілі: пияз – 1,3%, сүт – 0,7%, айран– 0,6%, күріш – 0,3%.

Орта есеппен алғанда, ел бойынша резервтерден саудаға шығарылатын көкөніс бағасы мынадай: пияздың бағасы 150 тг/кг, картоп – 149 тг/кг, сәбіз үшін – 131 тг/кг, қырыққабат үшін – 105 тг/кг.

Әкімдіктер мен сауда және интеграция министрлігінің ақпараты бойынша, 1 ақпаннан 17 сәуірге дейін әлеуметтік қорлардан көкөніс сатудың жалпы көлемі 53 497 тоннаны құрады. Оның ішінде картоп – 24 755 тонна, сәбіз – 9 664 тонна, пияз – 11 112 тонна, қырыққабат – 7 966 тонна.

Күріш бағасын тұрақтандыру үшін Сауда комитеті өңірлерде келісімшарт жасау мәселесін пысықтауда. Ішкі нарықтағы сұранысты пиязбен жеткілікті қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыру үшін Тәжікстаннан ерте пияз сатып алу пысықталуда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі