«Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті Қоғамдастықтар Қорының» (ЖҚҚ) және «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен құрылып, бүгінде даму үстіндегі «Шелек фермерлері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) пандемияның қиын кезеңіндегі өзінің жұмыс тәжірибесі, туындайтын проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы айтып берді.

Кооперативтің рестораторлар мен ритейлерлерден бастап қызанақтың ірі тапсырыс берушісіне дейінгі негізгі серіктестері карантин кезінде өз қызметін тоқтатты, бұл өнімді өткізуді едәуір қиындатты. Дегенмен, пандемия уақытындағы барлық қиындықтарға қарамастан, бұл кооперативтің бірегей моделі тиімді және өміршең екенін көрсетті, өйткені кооперация күш-жігерді үйлестіруге және дағдарыстан минималды шығынмен шығуға мүмкіндік береді.
2014 жылдан бастап Жергілікті Қоғамдастықтар Қоры (ЖҚҚ) Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Агробизнес орталығы базасында «Шелек фермерлері» кооперативімен бірлесіп «алқаптан сөреге дейінгі» өндірістік-өткізу тізбегін құру бойынша жұмыс жүргізуде. Ірі сауда желілері мен басқа да серіктестерге қатысты бірыңғай бәсекеге қабілетті заңды тұлға ретінде әрекет ететін өміршең кооператив – бытыраңқы жеке фермерлерді біріктірудің бірегей жүйесі құрылды. Қазір фермерлер бірге жұмыс істеу перспективалы және тиімді екенін нақты түсінеді. Ал кооперативтің көрсеткіштері мұны айқын растайды: егер 2017 жылы кооператив заңды тұлға ретінде ресми тіркелген кезде 12 млн теңгеден астам сомаға 124 тонна өнім сатылса, 2019 жылы «Шелек фермерлері» АӨК 33 млн теңгеден астам сомаға 233 тонна өнім сатты. Тиісінше, фермерлердің табысы да өсті — бір фермердің сату бойынша ең жоғары көрсеткіші 2017 жылы 1 071 920 теңгені құрады, ал сол фермердің табысы 2019 жылы 5 377 776 теңгені құрады.
Кооперативтегі бірлескен жұмыс фермерге тиімді және оған тек өнім өсірумен айналысуға және белгіленген өткізу нарықтары бар екенін білуге мүмкіндік береді. Сату тізбегін ұйымдастыру ұсақ фермерлерге қажетті көлемді бірлесіп орындауға, сапа стандарттарына сәйкес келуге, өнімді бірлесіп сертификаттауға, логистика, трансфер, жалдамалы персонал және бухгалтерлік қызмет шығындарын азайтуғажол ашады.

«Біздің жетістіктеріміз шабыттандырды және биылға біз ерекше үміт артқанбыз. Өткен жылдардағы тәжірибе мен практикалық қызметке сүйене отырып, 2020 жылы біз кооператив жұмысын одан әрі жетілдірдік. Тағы 12 жылыжай салынды, қызанақтың бір сұрпы отырғызылды, бірыңғай өсіру технологиясын ұстандық, қабылдау, сұрыптау және калибрлеу, тоңазытқыш камерасында қажетті температураға дейін салқындату және рефрижераторда тасымалдау механизмін пысықтадық, сату көлемінің ұлғаюына үлкен үміт арттық. Табыс 80 миллионнан астам соманы құрайды және кооператив өзін-өзі ақтайды деп күттік, бірақ коронавирустық пандемия, өкінішке қарай, өз түзетулерін енгізді», — деді «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорының» атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева.
Карантиндік шектеулер мен кооперативтің бірқатар серіктес-кәсіпорындарының жабылуы нәтижесінде сатылған өнім көлемі 33%-ға, ал сату сомасы 41%-ға азайды. Егер өткен жылы осы кезеңде кооператив фермерлері 17 миллион теңгеге өнім сатса, бұл ретте – тек 10
миллион теңгеге ғана. «Шелек Фермерлері» АӨК төрағасы Марат Мансұров осы жылы АӨК-те орын алған жағдайдың себептері мен проблемалары туралы айтып өтті:
«Карантинге байланысты проблемалар туындады, дегенмен біз қолдан келгеннің бәрін жасадық – жылыжайлар салдық, мейрамханалар, фаст-фудтар, көтерме маркеттер үшін көкөніс дақылдарының қажетті сұрыптарын өсірдік. Яғни, олар сапалы өнім беруге дайын болдық, бірақ біздің серіктестеріміз өз қызметін тоқтатты және өнімді қабылдай алмады. Осыған байланысты біздің қызанақтың бағасы бірнеше есе төмендеді. Карантин аяқталғаннан кейін сұраныс жанданды, бірақ фермерлер егіннің бір бөлігін базарларда арзан бағамен сатты, өйткені олар көкөністердің сақталуына алаңдады. Қазір карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан соң, біздің ірі серіктестеріміздің бірі «Цин-Каз» қайта жұмыс істегеннен кейін жағдай жақсарып келеді. Қалай болғанда да, бізде елдің оңтүстігіндегі кейбір шаруашылықтар сияқты өнімнің жай егістікте қалуы болмайды. Осы маусымға дейін бізге қосылған біздің кооперативтің жаңа мүшелері жалпы дән риза. Бірақ біз алдыңғы жылдары бірлесе атқарылған жұмыспен салыстырсақ, құлдырау жүріп жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен, бұл — объективті құлдырау, елдегі жағдайға байланысты, бірақ біздің модельдің емес».

Пандемия езіндегі жұмыс қиындықтарына қарамастан, кооперативте ауылдық кооперация – бұл жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту және оларды кооперациялау есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін АӨК үшін мүмкіндіктердің бірі екеніне сенімді. «Атамекен» ҰКП мамандарының бағалауынша, «Шелек фермерлері» кооперативі еліміздегі жеке фермерлерді тиімді біріктірудің және «алқаптан сөреге дейінгі» ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің нақты тізбегін құрудың бірден-бір үлгісі болып табылады.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «алқаптан сөреге дейінгі» ауылдағы кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды, содан кейін жобаны кеңейтуге кірісуді және 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды Бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.
«Атамекен» ҚР ҰКП-на осы тапсырма аясында 2020 жылдың жазында «Шелек фермерлері» ауыл тұрғындары кооперативінің кооперация моделіне үлкен қызығушылық танытты, АӨК департаментінің өкілдерімен Агробизнес орталығының базасында оқыту моделін әзірлеу бойынша бірнеше кездесулер өткізілді.
Дәурен Оңалбаев, Алматы облысы «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары:
«Алматы облысы – еліміздің ең аграрлық өңірлерінің бірі. Облыста 46 мыңнан астам шаруа және фермер қожалықтары тіркелген. Бұл облыста ұсақ тауарлықтың үлкен екендігін көрсетеді. Осыған байланысты кооперация, бірігу және көлемдерді ұлғайту – бұл өңірлік палатаның көздеген мақсаттардың бірі. 2016 жылдан бастап біз ауыл шаруашылығы кооперативтерін тіркеуді бастадық және бүгінде облыста 236 кооператив тіркелген, бірақ 20-ға жуық кооператив белсенді жұмыс істеп, дамып келеді. Ал «Шелек фермерлері» кооперативі – бұл масштабтауға болатын және қажет кооперативтің мысалы. Бұл мысалда фермерлер кооперациясының артықшылықтары айқын көрінеді, мысалы, жалдамалы қызметкерлер жүргізетін әкімшілік етудің толық циклі, жалақы қоры, қызмет көрсету, қызметкерлер жүргізетін бухгалтерия бар. Мұның бәріне фермерлер уақытын жұмсамайды, сапалы көкөніс дақылдарын тікелей өсіруге ден қояды. Бұл модельге үлкен қызығушылық бар».
Қазақстанда АӨК-нің даму перспективалары мен олардың ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейіне әсері туралы түсінік бере отырып, экономист, «Public Policy Research Center» жеке қорының директоры Меруерт Махмұтова атап өтті:
«ҚР ауыл шаруашылығы отыз жыл бұрын ЖІӨ-нің 34%-ын қамтамасыз етті, ал қазіргі уақытта оның үлесі 5% көрсеткішке дейін төмендеді. Құлдилау әсер қалдырады, дей
тұрғанмен ауыл тұрғындарының саны азайған жоқ. Статистика бойынша Қазақстан халқының 43% ы ауылдық жерлерде тұрады, бірақ іс жүзінде бұл пайыз жоғары, өйткені кейбір ауылдар қала болып саналады, дегенмен өздеріне тән барлық проблемалары бар ауылдар ауыл күйінде қала береді. Мәселе ауылдағы халықты жұмыспен қамту, азаматтарымызды әлеуметтік қорғау болып табылатыны жасырын емес. Сондықтан, ЖҚҚ-ның кооперативті дамыту және ұсақ фермерлерді біріктіру туралы еңбегі – өте орынды және өміршең модель. Мен шағын фермерлердің мүмкіндіктерін біріктіруден және олардың кооперациясынан ауылдардың болашақ дамуын көремін. Бірақ оларға көмек қажет – өнімді сату, дұрыс ұйымдастыру, логистика, бухгалтерлік есеп. Осының бәрін қамтамасыз ете отырып, біз экономиканың осы секторын көлеңкеден шығарамыз, ал бұл өте маңызды».
«Атамекен» ҚР ҰКП ШОБ комитетінің мүшесі Берік Заиров ШОБ-ты дамытудағы сарапшы ретінде ғана емес, сонымен қатар «Шелек фермерлері» жобасының проблемаларын ішкі жағынан жақсы білетін маман ретінде сөз сөйледі, АӨК-ті дамыту кезінде кооперативтердің өсуіне кедергі келтіретін, бухгалтерия бойынша үлкен жұмыс көлемі және қорлардың немесе мемлекеттің қолдауынсыз АӨК-ті қарапайым фермерлердің ұйымдастыруындағы қиындықтар сияқты проблемаларды шешу өте маңызды екенін түсіндірді. Оның ұсыныстарының ішінде АӨК-тің әкімшілік шығыстарын субсидиялау, шаруа қожалықтарына арналған пос-терминалдар мен чектер бойынша талаптарды жою және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне өнімді тапсыратын жеке тұлғалар үшін БЖТ қолдануға рұқсат беру мәселелері бар.
Пандемия әлемде қанша уақытқа созылатынын және одан кейінгі дағдарыстың салдарымен қанша уақыт күресетінімізді ешкім білмейді, алайда мұндай жағдайда да ауылшаруашылық кооперациясы өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауымен АӨК Қазақстанға азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде және елдің ауыл тұрғындарын жұмыспен және қаражатпен қамтамасыз етуде септігін тигізетіні анық.