jasqazaq.kz

Канадада Қазақстанның 22 жастағы тумасы қамауға алынды

16 наурыз 2017, 11:30

ҚР Сыртқы істер министрі Twitter желісіндегі парақшасында Америкадағы Yahoo компаниясының аккаунтарын бұзды деп айыпталып отырғандардың бірі Карим Баратовқа қатысты мәлімдеме жасады.

Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен. «Ол 2011 жылы республика заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтығынан айырылған», — деді СІМ өкілдері.

Ал Reuters басылымы ресми мәліметтерге сүйене отырып, 15 наурызда, сәрсенбіде АҚШ үкіметінің ресейлік екі тыңшы мен тағы екі хакерге 2014 жылы Yahoo мен Google компаниясы қолданушыларының 500 миллион аккаунтын бұзғаны үшін айыптап отырғанын айтады. Агенттіктің мәліметінше, АҚШ үкіметі бірінші рет осылай ресейлік шенеуніктерді киберкеңістіктегі қылмыстар үшін айыптап жатыр. «Айыпталушылар Ресей мен АҚШ өкілдерінің Yahoo-аккаунттарына шабуыл жасаған. Сондай-ақ, олар киберқауіпсіздік мәселелерімен айналысатын дипломаттар мен әскерилерге, ресейлік журналистерге, басқа ведомствода жұмыс істейтін қызметкерлерге, қаржы және коммерциялық компаниялардың қызметкерлерінің аккаунтарына шабуыл жасаған», — деп келтіреді РИА Новости АҚШ-тың әділет министрінің айтқан сөзін.

«Бұл істе тағы екі фигурант бар — Ресей қауіпсіздік қызметіндегі Дмитрий Докучаев пен Игорь Сущин, сондай-ақ, іздеуде жүрген Алексей Белан мен Қазақстанда дүниеге келген, бірақ Канада азаматы Карим Баратов та бар», — деп жазады The Washington Post. 22 жастағы Карим Баратов Канаданың Торонто қаласында қамауға алынды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде