jasqazaq.kz

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар жыл басынан бері 7 мыңнан астам істі қарады

04 қараша 2025, 17:39

Биыл жыл басынан бері Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар шамамен 4 мың отырыс өткізіп, 7 мыңнан астам істі қарады. оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оның ішінде мыңнан астам іс өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қатысты. Мұндай отбасыларға материалдық, психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіліп, сонымен қатар жұмыспен қамтуға, емделуге, балалардың оқуына және демалысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетіледі.
Бүгінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және отбасыларды қолдау бағытында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіретін 271 комиссия жұмыс атқаруда. Олар жоспарлы мәселелерден бөлек, қоғамда кең талқылау туғызған және жедел шешімді қажет ететін істерді де қарайды.
«Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар – балалардың құқықтарын қорғаудың басты тетігі. Комиссиялардың қызметі қиын жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтап, оларға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, буллингтің, кибербуллингтің және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында жаңа тәсілдер енгізудеміз», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген ведомствоаралық рейдтердің нәтижесінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 21,8 мыңнан астам ата-ана, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 107 мыңнан астам заңды өкіл, сондай-ақ ойын-сауық орындарына балаларды кіргізген 2 мыңға жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта комиссиялардың жұмысын жетілдіруге бағытталған жаңа ережелер әзірленуде. Құжатта буллингтің, кибербуллингтің және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, зерттеу жүргізу және өңірлерге әдістемелік қолдау көрсету бағыттарындағы өкілеттіктерді кеңейту көзделген. Жаңартылған формат комиссиялардың тиімділігін арттырып, жергілікті деңгейдегі жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті