jasqazaq.kz

«КамАЗ» жүргізушісі полиция көлігіне қалай соғылғанын айтып берді

20 ақпан 2017, 16:10

18 бала, 4 бапкердің жанында еріп жүрген полицей көлігімен соқтығысқан «КамАЗ» жүргізушісі өз айыбын толықтай мойындады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «мені артында тіркегіші бар Қытайда шыққан жасыл көлік басып озды да, бірден тоқтап қалды, мен де бірден тежегішті басып, қарсы жолаққа шығып кеттім. Алдымда аппақ боп, ештеңе көрінбеді», – деді Қуаныш Нұртазин. Ол өзін басып озған көлікті көрген куәгерлер болса, хабарласуын өтінді. «Мұратты көрмедім, бірақ оның жұбайымен, Баянбек Жүнісовтің отбасымен кездестім. Кешірім сұрадым. Олар мені кешірді. Жасым 53-те. Жүргізуші болғаннан бері жол апатына алғаш рет түсіп тұрмын», — деді ол. 50 жастағы ер адам полицейлердің туыстарынан кешірім сұрады және болған жағдайға қатты өкінетінін жеткізді. Ал дәрігерлер болса, Баянауыл ІІБ старшинасының өмірін сақтап қалу үшін әлі де күресіп жатыр. «Мұрат Нұрсейітовтің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Дәрігерлер консилиумы өтті. Астананың бірінші ауруханасымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Оны санитарлық авиациямен сол жерге апаруды жоспарлаудамыз. Ауа райы жақсарғанын күтіп отырмыз», — деді №1 қалалық аурухананың баспасөз хатшысы Алмас Тоқышев. Жол апатының құрбанына айнала жаздаған балалар болған жағдайды баяндап, құтқарушыларға алғыс білдірді. «Жол бойы бәрі орынша болды, тек Павлодарға жақындаған кезде осы апат орын алды. Мен екінші қатарда отырғанмын, барлығын көрдім. Жол жөнді көрінбей, тұман болды. Жолға қарап отырғанмын, кенет қарсы осы «КамА»З шыға келді. Қорқып қалдым, ештеңе түсінбедім. Сосын қатты соққы болды да, біз барлығымыз секіріп түстік. Сөмке, телефондарымыз еденде жатты», — деді Майқан орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айнұр Қамшиева. Балалар құрамасы шахмат бойынша облыстық спартакиадаға бара жатқан. «Павлодарға келіп, бірден үйге хабарластым. Ата-аналарымыз уайымдамасын деп, себебі олар интернеттен, жаңалықтардан бәрін естіді. Біз жылаған жоқпыз, ата-аналарымыз жылады. Бізді құтқарған полицейлерге үлкен рахмет. «КамАЗ» бізге қарай келе жатты, егер ол бізге соғылса, біз аман қалар ма едік жоқ па, ол белгісіз», — деді Айнұр. Айнұр жыл сайын облыстық спартакиадаға қатысады екен, облыстың бірнеше дүркін чемпионы.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде