jasqazaq.kz

Кәкен Тоқтаров: Кәсіпкерлікті қолдау – мемлекетті нығайту

16 қыркүйек 2024, 12:59

Экономикалық әлеуеті мығым елдің даму үдерісі де қарқынды жүреді. Сондықтан да елімізде отандық кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан орасан зор қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы jasqazaq.kz белгілі кәсіпкер, меценат Кәкен Тоқаровқа сауал жолдап, осы саланың бүгінгі қарқыны туралы сұрап білді.

– Мемлекет шағын және орта бизнесті көркейтуге күш салса, елдің әлеуеті нығаятыны белгілі.

– Дұрыс айтасың, бізде кәсіпкерлікті қолдауға арналған түрлі бағдарлама, жоба, жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар да бар. Тіпті жылдан жылға олардың саны да артып келеді. Кәсіпкерді қолдауды мен мемлекетті қолдау деп түсінер едім. Неге? Себебі кәсіпті бастаған адам өзінің қаржылық мүмкіндігі ашылғанда маңайына адамдарды жинап, жұмыспен қамтамасыз етеді. Түскен табысының есебін беріп, мемлекет қазынасына салық құяды. Ал біздің қаржылық әлеуетіміздің негізгі қажеттілігін осы салықтан түсетін табыспен өтеп отырғанымыз белгілі.

– Өзіңіз кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған игілікті бағдарламаларға қатысасыз ба, игілігін көріп жүрсіз бе?

– Жеңілдетілген пайызбен берілетін несиені бірнеше мәрте рәсімдеп, кәсібіміздің ауқымын кеңейтіп отырмыз. Соның нәтижесінде «Айдони» компаниясының өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, алыс-жақын шетелге де экспортталып жатыр. Пайызы төмен болғандықтан да тиімділігі жоғары. Компаниямыздың түскен табысынан салық төлеу арқылы да елдің әлеуетін көтеруге азаматтық үлесімізді қосып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы экономиканың өсімін 6-7 пайызға жеткізу керек деді. Оған жету жолында алдымен жеке кәсіпкерліктің бастамаларына айрықша қолдау, демеу қажет. Бизнесті дамытып жүрген жандардың көріп отырған игілігі әлі де болса арта түскені абзал. Мемлекет пен билік арасында алтын көпір орнап, байланыс тереңдей түскенде түйткіл оңтайлы шешіледі.

– Мемлекет басшысы кәсіпкерлер қашанда қоғамға қолайлы орта қалыптастыру керектігін тапсырды.

– Расында да, елімізде бизнестің дамуы үшін барлық қолайлы жағдай жасалып отыр. Әрі кәсіпкерлердің де құқығын қорғауға, жұмысын өрістетуге кепілдік беріледі. Әр нәрсенің қайтарымы болуы керек. Кәсіпкер де алдымен бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздық мәселесінің оңтайлы шешілуіне септігін тигізеді. Қомақты мөлшерде салық төлеп, экономиканың артуына үлес қосады.

Жазып алған Қуан Көшек

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс