
Қарағанды қаласында жасөспірімдерге қол көтеріп, кәмелет жасына толмаған балаларды аяусыз соққыға жыққан күзетшілер ұсталды. Оқыс оқиға 27 сәуір күні орын алған. Қазір жәбірленушілердің ата-анасы сотқа арыз түсірді. Алайда күзетшілер де қарсы арыз жазған, – деп хабарлайды Qasym.kz.
Аулада ойнап жүрген балалар қонақ үй кешенінің қоршауының маңында үйіліп жатқан темір-терсектерді көреді. Артынша аулаға белтемір орнату мақсатында сол жерден темір алмақ болған. Бірақ ойлағандарына жете алмайды. Олар құрылыс алаңқайына келгенде алдарынан күзетшілер шығып, үшеуін аяусыз соққыға жыққан. Дәрігерлер 16 жастағы Алексей Ревковты қылқындырып, ішкі ағзасына зақым келтірген. Кәсіби дайындықтан өткен жігіттердің соққысынан жасөспірімнің миы шайқалып, бүйрегі төмен түсіп кетіпті. Күзетшілердің жуан жұдырығынан 14 жастағы Анатолий Быков пен 15 жастағы Аслан Сталовта құтыла алмады. Олардың да миы шайқалған және түрлі жарақат алған.
Балаларының соққы алғанын естіген ата-аналар шу шығарып, полицияға шағым түсіріпті. Әйтсе де күзетшілер олардың үстінен қарсы шағым жазған екен. Айтуларынша, бұл балалар бұрын да құрылыс маңынан темір-терсек ұрлаған. Қазір кәмелет жасына толмағандарға күш қолданғаны үшін күзетшілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.