
Астанада косметика сататын дүкеннің күзетшісі 2 миллион теңге тұратын иіссу ұрлап кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, ер адам ұзақ уақыт бойы Beautymania дүкенінде жұмыс істей жүріп, 2 051 504 теңге тұратын парфюмді жасырын түрде алып кеткен.
«Ер адам сотта кінәсін толықтай мойындады. Келтірілген шығынды өтеп берді», — делінген соттың хабарламасында.
Соттың шешімімен, дүкен күзетшісі шартты түрде 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
«Астанадағы Есіл аудандық №2 соттың шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша («Ірi мөлшерде жасалған ұрлық») сотталып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық туралы заңға» сәйкес, шартты түрде 1 жыл 9 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.