jasqazaq.kz

Күтуші ұрлап әкеткен бала анасына қайтарылды

27 наурыз 2017, 22:10

Бағуға алған баланы ұрлап, із суытқан теміртаулық күтуші Астанада ұсталды. Бүгін полицейлер суық тиіп, қызуы көтерілген екі жасар Виканы анасының қолына табыстады. Ал бала күтуші келіншектің өзі тергеу абақтысына қамалып, адам ұрлау бабы бойныша жауапқа алынып жатыр.

Екатерина Огневаның екі жастағы қызын құрбысына қаратқанына 4 ақ күн болған екен. Екеуі де балалар үйінен шыққасын, барар жері болмаған құрбымды уақытша паналатып едім дейді ол. Бір жағынан ақысына бала күтуге де келіскен. Алайда кеше кешкісін жұмыстан келе, күтуші мен баланы таппай қалыпты. Құрбысы «Аналық сезімім оянып, Виканы Алматыға алып кеттім, іздеме» деген хат қалдырған. Дегенмен бүгін полицейлер 22 жастағы бала күтушіні Алматыдан емес, таксимен Астанаға жеткен жерінен ұстады. ktk.kz хабарлағандай, қызымен қайта қауышқан Екатерина құрбысының бұл қылығын кешірмеймін дейді.

Екатерина Огнева, Теміртау қаласының тұрғыны:

-Ақшамды немесе дүниемді қолды қылса кешірер едім. Мұнынысы шектен шыққандық. Басымнан не өткенін білсеңіздер ғой. Балаға абай болу керек екен. Полицейлер тез арада таппағанда, оның не ойы барын кім білген? Баланың үсті басы малмандай су, енді дәрігерге қараламыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде