jasqazaq.kz

ҰҚК: Т.Төлешев мемлекетті басқарғысы келген

11 шiлде 2016, 15:21

20160606124954

Билікті заңсыз басып алуға әрекет етті деп айыпталып отырған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев Қазақстанның вице-президенті болуға ұмтылып, артынша мемлекетті басқарғысы келген. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті.

Руслан Қарасевтің айтуынша, билікті басып алу жоспарын орындау үшін Тоқтар Төлешев алдымен елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасаған. Сондықтан ол 2005 және 2010 жылы Қырғыз Республикасында болған жағдайды өте мұқият зерттеген. Тіпті, Қырғызстанға өзі барып, керекті материалдар мен дерек-дәйектер іздеген.

— Билікке халық арасында жаппай тәртіпсіздік орнатып, халықты наразылыққа азғыру арқылы келуге болатынын түсінген ол, бұл арам пиғылын Қазақстанның батысында тез жүзеге асыруға болады деген болжамға келген. Төлешев Қазақстанның батысында наразы топтар бар деп пайымдап, әлеуметтік-экономикалық және өзге де мәселелерді алға тарта отырып, наразы топтарды өз мүддесі үшін пайдаланбақ болған. Жаппай тәртіпсіздік пен әдейі ұйымдастырылған наразылық акцияларының барысында ол билікке ультиматум жасап, өзі үшін вице-президент лауазымын енгізуді көздеген. Артынша, мемлекетті өзі басқаруды ойлаған, — деп хабарлады Руслан Қарасев.

kaz.365info.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді