jasqazaq.kz

Кәсіпкерді негізсіз әурелегендер жауапқа тартылады

04 ақпан 2017, 12:44

Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз қылмыстық іс қозғағандар жазалануы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. «Мемлекет басшысы тарабынан салық органдарының қызметіне қатысты да сын көп болды. Бұл негізсіз тексерулер мен тәжірибеде салық заңнамасын қолданудың қиындығын қатысты. Бақыт Тұрлыханұлы (Қаржы министрі Сұлтанов), сізге мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысын бизнесті тексеруді оңтайландыру бағытында ыңғайлау қажет. 1 айдың ішінде Бас прокуратурамен бірлесіп, негізсіз қозғалған қылмыстық істердің мән-жайын анықтаңыз. Мұндай істерді қозғағандар жазалануы тиіс», — деді Премьер-Министр. Айта кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерге себепсіз қылмыстық іс қозғаған органдардың қызметкерлерін жұмыстан босатуды талап еткен болатын.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде