jasqazaq.kz

Кәсіпкер 2 млн теңгеге «ЭКСПО-2017» билетін сатып алды

17 сәуiр 2017, 13:07

Астана қаласында биыл EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесi өтеді. Оңтүстік жұртшылығы қазірдің өзінде билеттерді жаппай сатып алуға көшкен.

Оның ішінде өңірдегі қалталы азаматтар өз қаржыларына билет алып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектерге және де ардагерлерге сыйлық ретінде тарту етуде. Осындай игі бастаманы қолға алған азаматтың бірі – облыс депутаты, түркістандық кәсіпкер Рахым Тәңірбергенов.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, белсенді азамат Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау білдірген жастар мен ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен өткен шараға қатысып, елордада өтетін көрмеге 2 миллион теңгеге 500 билетті өз қаражатына сатып алғанын айтты.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне әрбір азамат атсалысуы тиіс деп есептеймін. Өйткені бұл өте маңызды шара. Елімізге әлемнің 100-ден астам мемлекеттен қонақтар келгелі отыр. Сондықтан осындай ауқымы зор шарадан оңтүстікқазақстандықтар да сырт қалмауы тиіс деп ойлап, бүгін өз қаражатыма 500 билет сатып алып отырмын. Бұл билеттерді өзіме қарасты мекемеде ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген азаматтарға ұсынамын. Сонымен қатар, жаз айында көрмеге бару үшін арнайы автобустар ұйымдастырып, түркістандықтарды өз есебімнен Астанаға апарып қайтамын», — деді Рахым Көлбайұлы.

Baq.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде