
Көшеде дәрет сындырған полицей жұмыстан шығарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
«Қызметтік тексерістердің қорытындысында және тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша ішкі істер органдарының абыройына нұқсан келтіретін ісі үшін Түрксіб аудандық жергілікті полиция қызметінің полицейі ішкі істер органдарынан жұмысынан шығарылды. Оның әріптесі, көлік иесі қызметінен босатылды. Олардың басшысы да тәртіптік жазаға тартылды», — делінген хабарламада.